Реки бала у шин жумыс жасамайтын какие алименты Толедо ме? Каша?
Еки бала ушин жумыс жасамайтын аке алимент толейди ме? Канша?
Здравствуйте. Если по законодательству Казахстана, то
Ст. 148 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІVСпросить1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
1) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының;
2) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттің мөлшері және оны неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына беру тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісіммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкін.
Ст. 149 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.
Юристы ОнЛайн: 101 из 47 431 Поиск Регистрация